26 08 2021 2 1

2021 жылдың 24 тамызында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде танымал павлодарлық суретшілердің «Адалдық» атты кесікндеме, графика, мүсін көрмесі ашылды. Экспозициядан Зоя Соболеваның 13 туындысы мен Иван Лопатинның 8 мүсінің тамашалауға болады.

Зоя Александровна Соболева (07.08.1935 дүниеге келген) 1957 жылы Павлодар қаласына комсомолдық жолдама бойынша тың және тыңайған жерлерді игеруге келген. Көркемөнер шеберханаларында қызмет етті. Облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелердің қатысушысы. 1986 жылы Екібастұзда ұйымдастырылған дербес көрмесінен кейін қалаға 10 шығармашылық туындысын сыйға тартқан. Павлодар қаласының Әскери даңқ аллеясында Даңқ орденінің толық иегерлері И.Д. Ворушин, В.С.Орлов, П.В.Пешин құрметіне орнатылған ескерткіштермен қатар көптеген мемориалдық тақтайлар мен ескерткіштердің авторы.

Иван Пантелеймонович Лопатин (1926 – 1993) Павлодар қаласына 1957 жылы келіп, өңіріміздегі көркемөнер шеберханаларының негізін салушылардың алғашқысы болған. Ұлы Отан соғысының батырлары мен Социалистік еңбек Ерлері, шығармашылық тұлғалар мен замандастарының құрметіне мүсіндерді, ескерткіштерді және бюсттарды жасауда шынайы шабыт пен қызығушылықпен еңбек етті. Гипс и шамот, мәрмәр және шойын сияқты материалдармен жұмыс жасады. Мәскеулік сәулетші Витухин және мүсінші И.И. Виноградовпен бірлесіп Павлодар қаласының Жеңіс паркіндегі Батырлар аллеясы мен Әскери даңқ ескерткішінің жобасын жасап, бой көтеруіне ат салысты.

Қос суретшінің «Адалдық» атты көрмесі олардың өз жұмысына және өнерге деген өмірлік көзқарасы мен берілгендігін, сондай-ақ олардың бір-біріне деген құрметін білдіреді.

Выставка «Верность» является визитной карточкой самих художников, их отношения к своему труду, а также передает наше уважение к их верности друг другу.

Көрме 2021 жылдың 24 тамызы мен 24 қыркүйегі аралығында жұмыс жасайды.

26 08 2021 2 226 08 2021 2 3

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр