IMG 35182021 жылдың 24 қыркүйек Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Павлодар көркемсурет колледжінің 25 жылдық мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін көрсететін көркемсурет колледжінің ұстаздарының, түлектері мен студенттерінің 60-тан астам жұмыстары қойылады.

Павлодар көркемсурет колледжі 1996 жылы 24 мамырда құрылды. Үш мамандық ашылды: графикалық дизайн, интерьер дизайны және киім дизайны.

Колледждің білім алушылары Алматыда өткен «Самғау» халықаралық фестиваліне қатысып, «Сурет» және «Кескіндеме» номинациялары бойынша Гран-при жеңіп алды. Колледждің білім алушылары мен түлектері жыл сайын M*Art шығармашылық көрмелеріне, Павлодар облыстық көркем сурет мұражайы ұйымдастыратын Ертіс пен Қазақстанның танымал суретшілері туралы конференцияларға қатысады. Олар Астанадағы халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне, түрлі қалалық фестивальдарда өтетін граффити-шоуларға қатысады, олар әртүрлі номинациялар мен түрлі бағыттар бойынша жүлделі орындар алады. 2009 жылдан бастап колледж білім алушылары облыстық Дельфий ойындарына қатысады.

Павлодар көркемсурет колледжінің ұжымы өзінің жұмысымен жас ұрпақтың жалпы көркемөнер-эстетикалық мәдениетін көтеріп, жас өспірімдердің арасында Қазақстан халықтары мәдени мұрасының құндылықтары мен идеяларын насихаттауда. 

Онлайн кім

Қазір 67 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр