Павлодар облыстық көркемсурет музейінде 21 қазан күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, павлодарлық металл бойынша суретші – шебері Ольга Ивановна Ловинаның «Қуанышты сыйлау» мерейтойлық (туғанына 60 жыл) көрмесі ашылады.

Көрмеде суретшінің аралас техника мен материалдан жасалған 100 туындысы ұсынылады.

Мұнда авторлық акварель және шығыс кескіндемесі, зергерлік бұйымдар мен арт-эмальдардың суреттері, сондай-ақ металдан жасалған зергерлік бұйымдар ұсынылады.

Өз стилін жасай отырып, суретші қорытпаларды өңдеудің дәстүрлі әдістерін (нақыш, торлы кездеме, эмаль) және металл мен тастың эстетикалық қасиеттерін жақсы біледі.

Ольга Ивановна Ловина 1961жылы 22 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген. Красносельск металлдарды көркем өңдеу училищесін (КМКӨУ, Ресей) 1983 жылы бітірген, суретші-зергер. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. 1981 жылдан көркемөнер көрмелерінің қатысушысы. Жеке көрмелері Г.Потанин атындағы Павлодар тарихи-өлкетану музейінде, Павлодар облыстық көркемсурет музейінде, ПМУ және т.б. жерлерде өтті.

Ольга Лавинаның туындылары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Австрия, Германия, Франция, Польша және Балтық елдерінің мемлекеттік және жеке коллекцияларында сақтаулы.

1998 жылдан бастап Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде сабақ береді. Қазақстан балалар көркемсурет мектептерінде зергерлік өнер бойынша жүргізіліп жатқан оқыту бағдарламасының авторы (1998)

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2009), Павлодар облысының халық кәсіпшілігін дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің дипломымен (2009) марапатталған.

Награждена Почетной грамотой акима Павлодарской области (2009), Дипломом акима Павлодарской области за вклад в развитие народных промыслов Павлодарской области (2009).

Онлайн кім

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр