18 қараша күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде танымал отандық қылқалам шеберлері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Жаңатай Шәрденов пен Сахи Романовтың шығармашылығы жөнінде баяндайтын екі ғылыми каталогы мен «Біздің мұра. Музей қорындағы павлодарлық суретшілердің кескіндеме мен графикасы» атты 55 жылдың ішінде музей қорында жергілікті суретшілердің жинақталған кескіндеме және графикалық жұмыстарының коллекциясы туралы деректік ақпарат беретін ғылыми кітабының презентациясы өткізілді.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.           

Сонымен қатар, іс-шара барысында музейдің мәдени-көпшілік шараларын баспасөз басылымдарында, теледидар мен радиода жариялап белсенді ынтымақтастығы үшін облыстық БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Онлайн кім

Қазір 170 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр