19 қараша күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Тәуелсіздік өнері. Бейнелеу өнері және цифрлық технологиялар» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған музеология, мәдениеттану, тарих, өнертану, өнер философиясы бағыттары бойынша ғылыми-конференциясы өткізілді.

Конференцияның негізгі идеясы - қазақ мемлекеттілігі дамуының негізгі тарихи кезеңдерін, көрнекті суретшілердің мәдени мұрасын, қазақтың қоғамдық -саяси ойының жетістіктерін зерттеу арқылы халықтың тарихи санасын жаңғырту жолдарын, сонымен қатар қазіргі қазақстандық қоғамның даму перспективалары мен бағыттарын, қазақ халқын біріктіретін құндылықтар мен идеяларды талқылау және оның бірлігін нығайту. Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері: музей ісінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелері, өнертану теориясы мен тарихының маңызды мәселелері, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуын талдау

Конференцияға қатысушылар «Margulan centre» орталығының «Рухани жаңғыру» ғылыми зерттеу лабораториясының меңгерушісі Абеуова Енлік Қабыкенқызы өлкемізге байланысты «Павлодар облысы аумағындағы аспан астындағы археологиялық музейлер бойынша өзекті мәселелер» атты тақырыбына баяндама жасады. И.Есенберлин атындағы әдеби музейінің ғылыми қызметкері Бекенова Үмітжан Базарбекқызы, «И.Есенберлиннің мұрасын көркемсурет өнерінде зерттеу және бағамдау» атты өзекті мәселені ашты. Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қызметкерлері Опабекова Динара Кәрібайқызы және Арғын Асыл Арғынқызы «Қазақ көркемсурет туындыларындағы ерекшеліктер жайлы» мен «Суретшілер есімдеріне берілген Павлодар көше атаулары» сияқты баяндамаларға тақырып жасады. Таженова Марал Аблайханқызы, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану және цифрлық технологиялар бөлім басшысы «Жас суретшілер көзқарасымен Б.Канапьянов поэзия әлемі» және Шарбақты тарихи-өлкетану музейінің басшысы Смакова Динара Камчибекқызы «Музей педагогикасы жас ұрпақты тәрбиелеудегі рухани-адамгершілік құралы ретінде-өлкетану музейінің тәжірибиесінен» атты заманауй музейдің дамуы, ғылыми және білім беру әлеуеті, музей тәжірибесінде интерактивті және ақпараттық технологиялармен атар музейлік педагогика сияқты мәселелер белсенді талқыланды.

Онлайн кім

Қазір 146 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр