23 қараша күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның өнері» атты музей қорынан ұйымдастырылған көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде жаңару мен жаңа белестерге бағындыру жолында дәстүрлі мәдени мұраны сақтап қалу мен заманауи мәдениетті насихаттап дамытуда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Өткен онжылдықтар суретшілерге кәсібилікке, тәжірибеге, рухани еркіндікке және шығармашылықтағы жаңа көкжиектерге ие болуға көмектесті. Бүгінгі таңда суретшілер 30 жыл бұрын өткен шаққа қарап салыстырғанмен мәнерлілік құралдарында еркін болып, әдістер мен жанрларды таңдауда ешқандай шектеулері жоқ.

Мерейтойлық көрмеде 1991-2021 жылдар аралығында музей коллекциясына енген Қазақстан және Қырғызстан, Павлодар, Омбы, Санкт-Петербург суретшілерінің 100-ден астам ең үздік кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары келушілер назарына ұсынылады.

1991 жылдан бастап, отыз жылдың ішінде Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қор топтамасы 1500 экспонатқа толықтырылып артты. Олардың ішінде 1000 астам графика және кескіндемелік туындылар.

Көрмеде Александр Бибин, Панко Величко, Павел Лысенко, Жамкен Серикбаев, Зоя Соболева, Владимир Мартыненко, Көкен Темірғалиев, Ғалым Каржасов, Өсербай Шуранов, Әнуар Игембаев, Валерий Приходько, Қарасай Нуркенов, Зура Асылғазина сияқты қаламыздың танымал қылқалам шеберлерінің шығармашылық туындыларын тамашалауға мүмкіндік бар.

Павлодар облыстық көркемсурет музейінің негізгі мақсаттарының бірі – өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын танымал етумен қатар отандық мәдениет және бейнелеу өнері саласын насихаттау.

Топтамада Андрей Нода, Асқар Есдәулетов, Рашид Нурекеев, Марат Қалкабаев, Мажит Байтенов, Ерлан Айтуаров, Дулат Алиев, Алма Менлибаева, Айнабек Оспанов, Тилеужан Батанов, Қанат Шукирбеков секілді отандық бейнелеу өнерінің дамуына зор үлестерін қосқан қайраткерлермен қатар Карина Крылова, Виктория Цой, Гульмарал Татибаева, Максат Қантарбаев, Қуралай Аманжолова сияқты дарынды жас суретшілермен музейге сыйға тартылған кескіндеме және графика туындылары орын тапты.

Өнер - тәуелсіз еліміздің рухани-мәдени құндылықтарының негізі, әлемдік мәдениеттегі орнының, өркениет дамуындағы көркемдік сананың көрсеткіші.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр