2021 жылғы 29 қарашада Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік - балалар көзімен» атты облыстық көрмесі ұйымдастырылды.

Павлодар облысының көркемсурет және өнер мектептеріндегі көркемсурет бөлімдерінде шығармашылықпен айналысатын оқушылар туындыларының көрмесінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті, туған елдің табиғаты мен сәулеттік бейнелері, тақырыптық композициялары, портрет және натюрморт жанрлық шығармалары акрил, майлы бояулар, гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, киіз басу мен мата коллажы сияқты техникаларда орындалған. Көрермендерге экспозициядан аралас техникада жасалған қазақ ұлттық ыдыстары нобайлары ұсынылды.

Іс-шара өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, қазақ халқының дәстүрлері мен өнерін сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын басқа этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеп насихаттауда маңызды рөл атқарады.

Көрме қала тұрғындары мен қонақтарына 2021 жылғы 29 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында ұсынылады.

Онлайн кім

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр