Бүгін Н.Назарбаев атындағы қаламыздың орталық даңғылы бойындағы №174 үйдің іргесіне көрнекті павлодарлық суретші, скульптор және дизайнер Бота Машраповқа арналған мемориалдық тақта орнатылды. Дәл осы үйде суретшінің шығармашылық шеберханасы болатын.

Тақтаның салтанатты ашылуына Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Балғабайқызы Бегалинова, павлодарлық зиялы қауым өкілдері және Бота Машраповтың ағайын-туыстары, әріптестері мен достары қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Көрнекті суретшінің артында еңбегін бағалайтын ізбасарлары мен шәкірттері барда - шебердің аты өлмейді. Бота Қабыкенұлының шығармашылық жолы, мәдениет саласында жеткен жетістіктері келер ұрпаққа үлгі.

 

Онлайн кім

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр