Бүгін Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші және мүсінші Бота Машраповты еске алу көрмесінің ашылуы өтті. Көрермендер назарына музей экспозициясында қылқалам шеберінің кескіндмелік және графикалық шығармашылық туындылары ұсынылды.

Машрапов Бота Қабыкенұлы 1952 жылы 1 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1978 - 1983 жылдарының аралығында Алматы театралды-көркемсурет институты, қазіргі Т.К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдаған. Мүсінші, дизайнер, кескіндемеші, сызбашы. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі болып қабылданды.

Бота Кабыкенұлы Машрапов өте дарынды және өнерлі, көп қырлы суретші болған. Кескіндемемен шұғылданып, музейлер мен мектептерге, клубтарға жарқын интерьер үлгілерін жасаған. «Семей - Невада», «Здоровье - народу», Нұр-Сұлтан қаласындағы «Этноауыл» сияқты халықаралық және республикалық, облыстық іс-шараларының безендірушісі ретінде шығармашылықпен айналысты. Оның негізгі әуестігі - мүсін өнері. Ертіс өңірінің атақты тұлғаларына арналған 20-ға тарта ескерткіштері мен бюсттерінің авторы. Олардың ішінде - ауған соғысының құрбандарына, Антон Павлович Чеховқа арналған ескерткіш, 30 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына арналған мемориал (М.Ш. Абылкасимовпен білесіп) және тағы басқа жобаларды айтуға болады. Қаламыздағы қысқы маусымдарда мұз қалашықтарының пайда болуына ат салысқан болатын.

Суретші көптеген алғыс харттар, мадақтаулармен, медальдармен және «Мәдениет саласынының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Бота Машраповтың туындылары облыстық, республикалық музейлердің қорларында және жеке топтамаларда сақтаулы.

Онлайн кім

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр