Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР суретшілер Академиясының академигі Александр Бибиннің (1939 - 2009) өмірі мен шығармашылығы жайында баяндайтын кітаптың презентациясы және  суретшінің естелік кескіндеме көрмесінің ашылуы өтті. Александр Иванович Бибин - Қазақстан бейнелеу өнерінің топ жарған үздік шеберлерінің бірі. 

А.Бибин халықаралық, бүкілодақтық, республикалық, аймақтық және облыстық көрмелердің қатысушысы болды. 

Қылқалам шеберінің шығармашылық туындылары  ақын Евгений Евтушенко, суретші Олег Целков пен мүсінші Эрнст Неизвестный сияқты танымал тұлғалармен қатар өнертанушылар мен арт-критиктердің жоғары бағасына әрдайым ие болды. Александр Бибин – бірегей және қайталанбас, жарқын және көркем әлемін ашқан шебер.

Экспозицияда қылқалам шеберінің 23 шығармашылық туындысы көрсетіледі.

Онлайн кім

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр