2022 жылдың 20 мамыры сағат 16.00. Павлодар облыстық өнер музейінде павлодарлық суретші Галина Яковлевна Беспалованың картиналарының мерейтойлық көрмесі ашылды.
Көрме экспозициясына әр жылдары орындалған 60-тан астам көескіндеме және графика туындылар қойылған. Көрмеге қойылған жұмыстар кез келген келушіні бей-жай қалдырмайды. Мұнда өз замандастарының портреттері, натюрморттар, жанрлық композициялады кездестіруге болады. Галина Яковлевна классикалық портрет жанрында жұмыс істей отырып, Павлодар қаласының белгілі тұлғаларының бейнелерінен тұтас галереясын жасады. 2000-шы жылдардың өзінде Галина Яковлевна батик техникасында жұмыс істеді және Қазақстанда және шетелде танымал бірнеше топтамаларды дайындады. Суретшінің жаңа көкжиектерді құруға және ашуға деген тынымсыз ұмтылысы оған «Маңғашлық» фильмінің қоюшы-суретшісі ретінде киножобаға қатысуға мүмкіндік берді.
Уақыт пен адамдарды бейнелейтін әртүрлі жұмыстар уақыттың ағымын сезінуге, жарқын қылқалам шебері Галина Яковлевна Беспалова жасаған түрлі-түсті бай әлемге енуге мүмкіндік береді.
Көрме бір ай бойы жалғасады және әр көрерменге үлкен қуаныш сыйлайды.