Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Республика күніне орай Павлодар облысының Балалар көркемсурет және өнер мектептерінде білім алатын болашақ суретшілер дипломдық жұмысшыларының көрмесі ашылды. Республика күні Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамып тұрақтауына елеулі ықпал еткен ерекше тарихи маңызы бар басты ұлттық мереке болып табылады.
Көрмеде табиғат және сәулет пейзаждары, жанрлық кескіндеме, портрет, қазақ халқының дәстүрлерін бейнелейтін тақырыптық суреттер мен натюрморт сияқты түрлі жанрлардағы орындалған туындылар көрермендер назарына ұсынылды.
Көрмеге Майқайың, Ақтоғай, Ертіс және Ақсу Балалар өнерінің мектебі және Екібастұз және Павлодар қалаларының Балалар көркемсурет мектептерінің шәкірттері қатысып, шығармашылық туындыларын өнерсүер қауымының назарына ұсынған болатын.
Сондай-ақ, Балалар жылы аясында көрменің ашылу күні Екібастұз және Павлодар қалаларының Балалар көркемсурет мектептерінің ұстаздары Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығының 33 тәрбиеленушісіне шеберлік сабақтарын өткізілді.
Павлодар облысының Балалар көркемсурет мектептері мен Өнер мектептері Павлодар облыстық көркемсурет музейімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Павлодар облысының білім басқармасы ұйымдастырған бұл іс-шара өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік, халқымыздың салт-дәстүрлері мен өнерін сақтау рухында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне құрмет көрсетуде тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Музейде ұйымдастырылған көрмеде графика, акварель, майлы кескіндеме, акрил кескіндеме, киіз басу, ыстық батик секілді техникада орындалған 83 шығармашылық туынды орын тапты.
https://pavlodar-museum.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=691:meni-sha-yra-ym-aza-stan-atty-respublika-k-nine-oraj-jymdastyryl-an-pavlodar-oblysyny-balalar-k-rkemsuret-zh-ne-ner-mektepteri-sh-kirtterini-dilomdy-zh-mystaryny-k-rmesi&catid=47:zha-aly-tar&lang=kz&Itemid=127#sigProId846e5dd5e5