2022 жылғы 16 қарашада сағат 16.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретші Алтын Ибрайқызы Қисамиденованың дербес мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтті.
Қисамиденова Алтын Ибрайқызы Павлодар облысындағы Ленинский кентінде 1962 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2021 жылдарының аралығында Павлодар көркемсурет колледжінде кәсіптік пәндер ұстазы болып қызмет етті. Қазіргі уақытта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО оқытушысы. Суретшінің жалпы ұстаздық еңбек өтілі 30 жылдан асады.
Көрме экспозициясында кескіндеме және графика туындылары көрсетіледі. Алматы қаласының маңайындағы таулар, Қырғызстандағы Ыстықкөл, Павлодар мен Астана қалаларындағы пленэрлерде орындалған пейзаждар топтамасымен қатар көрермендер назарына портреттер де ұсынылады. Портреттерде бейнеленген тұлғалардың Алтын Қисамиденова ішкі дүниетанымын, мінез сипаты мен ішкі күйін жеткізуге тырысады.
Экспозицияда автордың 60-ке жуық көркем және графикалық шығармашылық туындысы орын тапты.
Көрмені бір ай бойы жұмыс істейді.