Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Нағымбек Нұрмұхаммедовтың есімі облыстық көркемсурет музейіне берілуіне орай 8 желтоқсанда Павлодар облыстық көркемсурет музейінде мәдени мекеміздің қорларынан ұйымдастырылған Нағымбек Нұрмұхамедовтың дербес көрмесінің вернисажы өтті.
Нұрмұхаммедов отандық бейнелеу өнері мен көркем мәдениетін дамытуға баға жетпес үлес қосқан Павлодар облысының атақты тумасы. Нағымбек Нұрмұхаммедов - Қазақ КСР Халық суретшісі,Ұлы Отан соғысының ардагері, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1924 жылы Баянауыл ауданының Сайтанды деген жерінде дүниеге келген.1947-1953 жылдары ол Ленинградтағы Илья Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтында профессор Р.Р. Френцтің жетекшілігімен шайқас кескіндемесіне бағыты бойынша білім алған. 1959 жылы Алматыға көшіп, 1961 жылы Өнер академиясын тәмамдады. Нағымбек Нұрмұхаммедов негізінен реализм және импрессионизм бағыттарында жұмыс жасап, сондай-ақ көптеген портреттердің, пейзаждардың, тарихи тақырыптағы картиналардың авторы болып табылады.
Суретшінің бүкіл шығармашылығы үлкен кескіндеме еркіндігімен, түс схемасының үйлесімділігімен, психологиялық енуімен, эмоционалды күшімен және бейнелердің лирикасымен ерекшеленеді. Нұрмұхамедов Дала мен оның мейірімді, батыл және қарапайым адамдарын бейнелеуде ерекше жақсы көрді. Қылқалам шебері Абай Құнанбаев, Әбілхан Қастеев, Сапарғали Бегалин, Тоқаш Бокин, Мәлік Ғабдулин, Т.Бегелдинов сияқты танымал тұлғалардың портреттерін орындаған.
Көрмеде өнерсүйер қауым назарына қылқалам шеберінің 27 туындысы ұсынылды, олардың ішінде суретшінің қызы Нұрмұхаммедова Мара Нағымбекқызы көркемсурет музейіне сыйға тартқан екі жаңа шығармасы алғаш рет көрссетілді.