НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІ

2023 жылдың 24 мамырында Нағымбек Нұрмұхаммед атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Тұрар Төлеевтың мерейтойлық дербес көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Төлеев Тұрар Түсіпұлы 1958 жылы Павлодар облысы, Май ауданы, Киров ауылында дүниеге келді. 1975 жылы Май ауданындағы Амангелді орта мектебінтәмамдады. 1984 - 1988 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіндегі суретші-безендіруші мамандығы бойынша  оқуын бітірді. Ұстаздары: С.Әлімбетов, А.Өтегенов, Ж.Қоржахметов. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.

Тұрар Төлеевтің  туындылары қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрін  бейнелейді. Ол белгілі сюжеттік жұмыстарды орындайды. Туған өлкесінің өткен күндерінен шабыттанады.  Жарыққа шығатын картинасының әрбір нүктесі мен толықтай композициясын қалыптастыра біледі. Белгілі  бір адамның портретін салар сәтте суретші тарихпен тығыз байланыста болады. Ал тарихи картина кейіпіндегі тілде  көшпенді халықтың қиын-қыстау кездерін жеткізіп тұрғандай. Қазақстанның кең байтақ даласы, туған өлкенің сұлулығын қиялдағыдай жеткізу- бұл суретші шығармашылығының ұстанымы.

Көрмеге 50 астам әр түрлі жанр мен  техникада орындалған  кескіндеме және мүсін туындылары  ұсынылған.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2023 жылдың 24 мамыр - 15 маусым аралығында тамашалай алады.

 

Онлайн кім

Қазір 48 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр