14 маусым күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 - жылдығына және «Музейлер бізге қонаққа» атты жобасы аясында қарағандылық музейдің 35-жылдығына орай ұйымдастырылған «Ертіс Даласы» атты павлодарлық суретшілердің көрмесі ашылды.
Көрме 22 автордың 134 кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалыөнер туындыларын ұсынады.
Туған жердің, шексіз жазық даланың, құдіретті Ертістің және туған өлкенің сұлулығы мен әсемдігін суреттейтің тақырыбтар павлодарлық суретшілерінің шығармашылығында үнемі кездеседі.
Көрменің вернисажында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің басшысы Бибігүл Сағынтайқызы Құдабаева және Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің басшысы Солтанбаев Ақертіс Зекібайұлы мен сөз өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының Өнер академиясының академигі, өнертанушылар мен көркемдік сын Ассоциациясының мүшесі Золоторева Ларисаға берілді. Сондай-ақ, суретшілер, Қарағанды суретшілер Одағының Мүшелері Арент Виктор, Троценко Владимир, Қалмаханов Мадихан сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, Өнер академиясының академигі, Ақсу қаласының Құрметті азаматы Игембаев Әнуар және театр суретшісі, акварель суретшісі Кравченко Светлана көрмеге қатысты.