НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІ

2023 жылдың 20 маусымында Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Арман Байсадықовтың «Виват, Астана!» атты Астана күніне арналған фотокөрмесі ашылды. Экспозицияда еліміздің бас қаласының сәулетті архитектураларының мінсіз әсемдігің бейнелейтін 35 фотосурет ұсынылған.

Арман Байсадықов 1973 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Ол Евгений Мұқанов пен Андрей Киммнең тәлім алып, фотошебері атанды, Мәскеу фотомектебінде және Нью-Йорк фотография институтында білім алды. Автордың айтуынша, оны дала кеңістігі мен мегаполистің көрнекті архитектуралары және туған қаласының жаңа бағытта дамуы шабыттандырады.

Фотограф өзін пейзаж, сәулет, сән, көше фотосуреттері, интерьер фотосуреті, фотоқұжаттану, репортаж, портрет сияқты бағыттарда дамытуда. Арман Байсадықов ұзақ уақыт бойы Қазақ Географиялық қоғамымен ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Хабар арнасындағы "Экспедиция 25" тележобасының жарқын қатысушысы.

Арман Байсадықовтың алғашқы жеке көрмесі Қазақстанның Ұлттық музейінде ұйыдастарылды. Алайда оның шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Фотографтың туындылары Италия, Швейцария, Литва және басқа елдердегі халықаралық көрмелерде ұсынылды.

Миландағы (Италия) ЕХРО 2015 аясында қазақстандық павильон ұйымдастырған Қазақстан астанасы номинациясындағы фотобайқаудың I орын иегері. Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ұйымдастырылған  көрмеде автор жас дамып келе жатқан Астананың сұлулығын бейнелейтін фото туындыларын ұсынды.

Арман Байсадықов үшін фотосурет-жанды, құбылмалы өнер. Қазіргі уақытта ол баспа форматынан желіге ауысады. Алайда, тек басып шығарылған сурет біздің өміріміздің эмоциялары мен ерекше сәттерін толық жеткізе алады.

Көрме 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін ашық.

Онлайн кім

Қазір 68 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр