НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІ

Иван Васильевич Лагутиннің есімі біздің өлкеміздің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқан павлодарлықтардың көптеген ұрпақтарына жақсы таныс. Ол суретші, фотограф, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Павлодар қаласының Құрметті азаматы және Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болған. Иван Васильевичтің бастамасы мен қатысуы арқасында тарихи-өлкетану музейінде көркемсурет бөлімі пайда болды, негізін қалау нәтижесінде кейін 1964 жылы — Қазақстан бойынша алғашқы облыстық бейнелеу өнер музейі, Павлодар көркемсурет музейі ашылды. Иван Васильевич Лагутиннің 110 жылдығына орай Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде шебердің 50-ден астам көркемсурет туындыларынаң тұратын экспозиция ұсынылады. Еске алу көрмесінің салтанатты ашылуы 20 шілдеде сағат 16:00 - де өтеді. Сіздерді біздің музейімізде асыға күтеміз!

Онлайн кім

Қазір 92 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр