2023 жылғы 9 қарашада Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Василий Михайлович Мартынцевтің көрмесі ашылады. Экспозицияда 21 шығармашылық туынды ұсынылып, музейге келушілер суретшінің өмірі туралы бейнефильммен таныса алады.
Мартынцев Василий Михайлович — қазақстандық қылқалам шебері, кескіндемеші және график. Тамбов облысының Дмитриевка ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдаған, ұстаздары Абрам Черкасский, Леонид Леонтьев, Николай Крутильников, Иван Квачко, Айша Ғалымбаева сияқты танымал суретшілер болған. 1960 жылдан бастап Павлодарда өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан Студенттік жылдары оның алғашқы жұмыстары Мәскеудегі Халықаралық жастар фестиваліне арналған республикалық көрмеге қатысты. 1963-1966 жылдарының аралығында қалалық изостудияларда сабақ берген.
Павлодар облыстық көркемсурет музейі топтамасындағы Василий Мартынцевтің шығармашылық мұрасы кескіндеме туындылары мен көмір, қарандаш және фломастермен салынған суреттерінен тұрады. Суретшінің көп қырлы шығармашылығы реалистiк кескiндеме мектебінің негiзгi қағидаларына сәйкес орындалып, ол портрет пен пейзаж, натюрморт, тақырыптық композиция сияқты түрлі жанрларымен айналысқан.
Республикалық, облыстық және дербес көрмелердің қатысушысы. Сахалин, Мәскеу облысы, Украина, Таулы Алтай, Сібір, Кавказ бен Қазақстан аумағында шығармашылық сапарларға үнемі қатысқан. Суретшінің туындылары Қазақстан, Ресей және шетелдік мемлекеттердің жеке коллекцияларда сақтаулы.