НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІ

Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі өз қызметін негізгі заңдарға сәйкес құруда: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Заңы; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары; «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ ҚРЗ; «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығы.

Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері – музей қорларының сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз ету, Қазақстан суретшілері мен Павлодар Ертіс өңірі суретшілерінің коллекциясы мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Музей ағартушылық қызмет атқарады, облыстың туристік кластерін кеңейту үшін маңызды танымдық демалыс орталығы ретінде қызмет етеді, Павлодар өңірінің көркемдік ортасын дамытуды қалыптастырады.

Осыған сәйкес музейдің негізгі міндеттері:

- тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу және сақтау;

- осы бағытта білімді насихаттау және тарату;

- Қазақстан аумағында тұратын халықтардың рухани және моральдық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.

Музей қорында кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы және декорациялық өнер туындылары сақталған.

Онлайн кім

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр